Педагогтар кеңесі

Педагогтар кеңесі

    2016 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің дәстүрлі отырысы өткізілді.

    Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері қатысты.

    Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1.  2016 жылдың ІІ жарты жылдығына қорытынды жасау.

2.  Музей қабырғасында серіктестермен бірлесіп ұйымдастырылған конкурстарды өткізу туралы.

   Музей директорының орынбасары, тарихи ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова өз сөзінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай отырып, 2016 жылдың ІІ жарты жылдығында Музей мен Астана қ. Білім басқармасының бірлескен жұмысына қорытынды жасады.

   Атап айтар болсақ, Білім күні қарсаңында № 64 мектеп-лицейдің бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ата Заңы Күніне арналған «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» дәстүрлі мерекелік сабағы өтті. Сабақ Президент Резиденциясы кезінде Құрметті қарауыл қойылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» музейлік экспозициясының жанында өткізіледі.

   Жыл сайын өткізілетін Ашық есік күні аясында  № 1 Балалар музыка мектебінің ұстаздары, оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен төрт сабақ өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жетістіктері мен даму жағдайы және «Мәңгілік Ел» жалпықазақстандық ұлттық идеясының қағидаларымен танысып, Музейдің Қауіпсіздік Кеңесі залында өткізілген «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарағы» тақырыбында музейлік экскурсия сабағына, Күмбезді залдың фойесінде «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері» экскурсия сабағына, «Қазақстанның олимпиада чемпиондары» атты Қазақстанның спорттық даңқы залында өткен сабақтарына қатысты.

   Сонымен қатар жыл сайынғы «Өнердің сиқырлы әлемі» арт-терапиялық сессиясының аясында «Балам-ай» ҚҚ мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау Орталығының балалары мен ата-аналарына «Күз бояулары» мерекесін өткізді. 2016 жылы сессияға 3-тен 34 жас аралығындағы кіші және жоғары жастағы топтар қатысты. 

Қараша айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы «Ақиқат» дебаттық клубы Астана қ. Білім басқармасымен бірлесе отырып, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 5 қарашада колледж студенттері арасында «Әлемдік қоғамдастық таныған ел» тақырыбындағы дебаттық турнир өткізді. Турнирге елорда колледждерінен 17 команда қатысты.

            Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

1 орын – «АКТК тарландары» (Көлік және коммуникация колледжі);

2 орын – «Парасат» (Гуманитарлық колледж);

3 орын – «Көшбасшы» (Гуманитарлық колледж).

            Колледж студенттеріне арналған турнирді «Ақиқат» дебаттық клубы екінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Дебаттық турнирді өткізуде  М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжінің директоры Әуесбаев Ерлан Тыныштықбайұлының басшылығындағы педагогикалық ұжымының қолдауы мен бірлескен жұмысын атап өтуге болады.

Музей педагогикасы орталығының басшысы Р.Ұ. Қазбекова өз сөзінде Музейдің Білім беру бағдарламасы аясында серіктестермен бірлесе өткізген шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Қалалық байқауларды өткізу туралы екінші мәселе бойынша Б.М. Қайыпова сөз сөйледі. Атап айтар болсақ, Музей серіктестерімен бірлесе отырып, келесі байқауларды ұйымдастырды: «Қазақстан – халықаралық аренада» атты үздік музейлік сабаққа конкурс, «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсы, «Летопись ЭКСПО» атты бейнефильмдердің байқауы, «Независимость – великая мечта предков, достояние нашего поколения» тақырыбындағы тарих пәнінің «Үздік мұғалімі» қалалық байқаулары. Қазіргі уақытта конкурстар бойынша сұраныс жинақтау аяқталып, сабақтар, презентациялар өткізілуде. Барлығының қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Байқауды бағалау комиссиясының құрамына Білім басқармасының әдіскерлері, «Астана Дарыны» ӨҒПО, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері кірді.

Отырыс барысында Астана қ. Білім басқармасының әдіскері Д.Қ. Әмірғалиева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде өтетін шаралардың педагог мамандардың кәсіби өсуіне, олардың шығармашылық бастамаларының дамуына, қоғамдық пәндер негіздерін оқыту әдістемесіне ииновациялық бағыт беруде өзара әріптестікті нығайту мен дамытуға, озық тәжірибені таратуға, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін  ғылыми негізде насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.

Педагогтар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қаулы шығарылды:

–  2016 жылдың ІІ жарты жылдығы бойынша жұмысының қорытындысы туралы есепті бекіту;

 –Музей қабырғасында Тұңғыш Президент Күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған конкурстарды ұйымдастырып өткізуде серіктес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау.


2016 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудағы инновациялық формалар» тақырыбында дәстүрлі отырысы өтті. 
Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
  1. 2015-2016 оқу жылына қорытынды жасау. 
  2. 2015-2016 оқу жылындағы «Музей сабақтарының жинағына» сабақтарды енгізу. 
  3. Түрлі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы Педагогтар кеңесінің төрайымы,  ҚР ТПМ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова өз сөзінде оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, Музей мен Астана қ. Білім басқармасымен 2015-2016 оқу жылындағы бірлескен жұмысты қорытындылады. Б.М. Қайыпова баяндамасында ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінің ағартушылық-білім беру қызметінде Мемлекет басшысының бастамасымен білім мен ғылым саласындағы ашылған жобаларды басшылыққа алатынын, қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу және ХХІ ғасырдың интеллектуалдық элитасын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын атап өтті. Жыл сайын Астана қ. Білім басқармасымен келісе отырып, білім беру сатысындағы барлық оқу орындарымен жүйелі түрде әріптестік негізде дәрістер, музейлік сабақтар, байқаулар, аттестациялық сабақтар, балалар мерекесі, кездесулер, дебаттық турнирлер өткізіп келеді.
 
 
 
Қалыптасқан дәстүрге сәйкес Астана қ. тарих пәні мұғалімдерінің аттестациясы бойынша эксперименталды алаңның жұмысы аясында 2016 жылдың 2 наурызында «Аттестация – шығармашылыққа жету жолдары» семинары өтті.
Музей педагогтарымен бірлесе отырып, «Сайлау – халық билігін жүзеге асырушы механизм» тақырыбындағы ашық сабақты келесі мұғалімдер дайындап өткізді:
  • Шапиева Г.Ш. (№ 8 орта мектебі) – жоғары санатқа;
  • Ахметова Г.М., Мизамбеков К.О. (№ 37 орта мектебі), Әлиев Е.Е. (№ 53 мектеп-лицейі) – бірінші санатқа.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  Музейі жанындағы «Ақиқат» дебаттық клубы үстіміздегі жылдың 25 наурызында Музейдің ауыспалы кубогіне Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі әлеуметтік саясат» тақырыбында қалалық дебаттық турнир өткізді. Турнирге елорда мектептерінен 35 команда және «Ақиқат» дебаттық клубынан құрама команда қатысты.
 
Сондай-ақ, 2016 жылдың 4 мамырында №11 «Гаухар» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Музей және балалар» жобасын жүзеге асыру аясында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Менің шежірем – елімнің шежіресінің бөлшегі» музейлік балалар сабағы ұйымдастырылды. Алғаш рет сабақ балабақшада өткізілді. Музейлік сабақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің залдары бойынша «Жолсілтеуші әліппесі» формасында өтіп, «Отан қорғаушылар күніне» арналды.
 
Әрі қарай, Педагогтар кеңесінің «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудағы инновациялық формалар» тақырыбын ашу барысында Музей педагогикасы орталығының қызметкерлері баяндама жасады. Орталық басшысы Р.Ұ. Қазбекова өз сөзінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы  мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың өзекті мәселелеріне тоқталды. Патриоттық тәрбие жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңінде ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм тақырыбына бөлім арналған. Педагог бұл міндеттерді жүзеге асыру ең алдымен білім және мәдениет мекемелеріне артылатынын атап өтті.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заңды музейлік сабақтарда қолдану жайлы МПО жетекші ғылыми қызметкері Ә.Ә. Оспанова тоқталды. Жыл сайын қалыптасқан дәстүрге сәйкес Білім күні қарсаңында Музейде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер үшін балалар мерекесі өткізіледі. Сабақ барысында еліміздің кішкентай азаматтары Негізгі заңның жасалу тарихымен танысып, Конституцияда бекітілген өз құқықтары мен міндеттерін біледі. Өзін-өзі тану элементтері арқылы бүлдіршіндердің Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігі қалыптасады.
 
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында өткізілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы авторларының бірі, профессор  Жандарбек Мәлібекұлымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» кездесу сабағы барысында оқушылар қазақ халқының құнды дәстүрінен мәлімет беретін елтаңба элементтерінің терең мағынасы туралы білді. 
Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Г.Ә. Рамазанова Мемлекеттік рәміздерді зерттеу саласындағы өз қызметінің нәтижесімен және мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен бөлісті, Музейдің білім беру бағдарламасына қатысушылардың санатына қарай Мемлекеттік рәміздерді оқытудың инновациялық әдістері туралы әңгімелеп берді. Мемлекетік рәміздерді насихаттау бойынша жүргізілетін жүйелі жұмыс патриотизмнің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл жолдағы біздің басты міндетіміз Қазақстанның рәміздері – мемлекетті ажырататын жай белгілер ғана емес, қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын халықтардың көп ғасырлық арманының жүзеге асқаны, бостандық, тәуелсіздік және өркендеуі туралы тарихымыз екенін балалардың санасына сіңіру болып табылады.
 
Білім басқармасының әдіскерлері Д.Қ. Әмірғалиева мен Қ.Қ. Адинаева Музей қызметкерлеріне өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған әрбір өткізілген іс-шарада көрсеткен әдістемелік көмектері үшін алғыс білдірді.
 
Отырыс нәтижесі бойынша «Музей сабақтарының жинағына» 2015-2016 оқу жылында өткізілген сабақтарды енгізу және Астана қаласының білім беру ұйымдарымен музейлік сабақтарды өткізуде инновациялық технологияларды қолдану бойынша бірлескен жұмысты және тарих пәні мұғалімдерінің аттестациясы бойынша эксперименталды алаңның жұмысын жалғастыру ұсынылды.