Конференциялар және «дөңгелек үстелдер»

2016 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, Астана қ. оқу орындарының қоғамдық пәндер оқытушылары қатысты.

Дәстүр бойынша «дөңгелек үстел» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруы, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен келешегі, халықаралық аренадағы ғаламдық жетістіктердің өзекті мәселелері «дөңгелек үстел» барысында талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы секторының меңгерушісі С. Коновалов әлеуметтік-демографиялық мәліметтерді саралай отырып, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы көрсеткіштерін жақсарту және елдің барлық жағынан алға шығуына мүмкіндік берген өзіндік даму моделін қалыптастырды деген тұжырым жасады.

Тәуелсіз сарапшы, тарих ғылымдарының кандидаты В. Тельнов өз баяндамасында еуразиялық идеяның өміршеңдігі мен келешегін айқындаушы үш себепті атап өтті. Олар: көліктік-логистикалық инфрақұрылымды, конвейерлік өндірісті және жалпы сұранысты экономикалық өсімнің мүмкіндігі ретінде жалпы сұранысты дамыту.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты А. Қашқымбаев өз сөзінде «Қасым ханның Алаша ханды мәңгі есте сақтау идеясы мен «Мәңгілік Ел» идеясын салыстыра отырып, олардың ортақ мәні – Қазақстан халықтарының бірлігі» екендігін баса айтты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор Р. Досымбекова Қазақстанның мемлекеттік жүйесінің модернизациялануына арналған баяндамасында, «мемлекеттік басқару жүйесін реформалау үдерісі саяси, құқықтық, әлеуметтік және экономикалық аспектілердің өзара ширақ әрекеттестігімен жүзеге асырылды, нәтижесінде, институционалды мемлекеттік қызмет қалыптасты» деген пікір білдірді.

Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К. Ақтаева қоғамдағы мәдени құндылық бағдарының өзекті мәселелерін баяндады.

Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б. Қайыпованың баяндамасы конфессияаралық және ұлтаралық келісім мәселесіне арналды.

Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Г. Атабаева өз сөзінде тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің негізгі жетістіктерін атап өтті.

«№ 46 Балабақша-мектеп-гимназия» кешені» ММ мұғалімі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшесі Т. Маканова мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Астана қ. Білім басқармасы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі патриотизмнің ерекше рөліне тоқталды.

Пікірталас барысында Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж. Қалиев, «Жаңа қазақстандық патриотизм – халықтардың өзара сыйластығы мен бірлігіне құралады» деген пікірін білдірді.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстанның жеткен жетістіктері мен табыстары – болашақ ұрпақ үшін мұра, қуатты, тәуелсіз және серпінді дамып келе жатқан Қазақстанды құрудың берік негізі екенін атап көрсетті.

Конференцияны ұйымдастырушылар қатысушылардың баяндамалары енгізілетін «дөңгелек үстел» жинағын басылымнан шығаруды жоспарлап отыр.

 

2016 жылдың 10-қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық тарихи өлкетану мұражайымен бірлесіп «Өнегесі мол өрісті тұлға» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Елбасының сыныптастары Әмірова Күләш, Сиразитдинова Рая, Байбосынов Кеңес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Музейі директорының орынбасары Қайыпова Б.М., Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қожанова М.М., мұражай қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Тұңғыш Президенттің замандастары Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың оқушылық кезеңі, көшбасшылық қасиеттері туралы, арадағы сыйластық қарым-қатынастары, кейінгі жылдардағы жылылыққа толы кездесулері жайлы естеліктерімен бөлісті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері Омарова Л.Ә., Оспанова Ә.Ә. «Өмірбаяндық материалдардың жинақталуы мен насихатталуы», «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» тақырыбында баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел соңында Елбасының сыныптастарына ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде жарыққа шыққан «Замандастар естеліктері», «Ұлағатты ұстаздар», «Атамекен – алтын бесік» тағы да басқа музей басылымдары тарту етілді.

Іс-шараны қорытындылаған Музей директорының орынбасары Қайыпова Б.М. қызметкерлердің ғылыми-іздестіру, жинақтау жұмыстарына әрдайым түсіністік пен қолдау көрсетіп жүрген Қарасай ауданы мұражайларының жетекшілері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің атынан Алғыс хаттар табыс етті.