2013 ж.

      Тәуелсіздік күні қарсаңында 2013 жылдың 9-шы желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәуелсіздік. Бірлік. Өркендеу» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.
      Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Республикасында аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер қатысты.
      Ашық әрі жемісті пікір алмасу барысында қатысушылар тәуелсіздік жылдарындағы республика дамуының негізгі нәтижелері мен заңдылықтарын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларын, тәуелсіз Қазақстан тарихының, қазіргі әлемдегі ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы  И.А. Адырбеков өз баяндамасында мемлекеттің дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етудің тұрақты негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларына тоқталды.
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С. Мурадов ұлтаралық келісімнің басты механизмі ретіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше мәртебесін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.У. Ким: «Біздің еліміздегі толеранттылық – бірлік пен мемлекеттің табысты дамуының шешуші факторы. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының жүргізіп келе жатқан сан қырлы жұмысының маңызы өте зор. Ассамблея ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік тілді және ана тілдерін зерделеу, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, толеранттылық, Қазақстан халқын біріктіру саласында шектен шықпай, тиімді мемлекеттік саясат жүргізіп келеді» деп атап көрсетті.
      Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Ф.С. Гаджиалиев баяндамасында тұлғалардың арасындағы ұлт көшбасшыларының ерекше орнын атап көрсете отырып, Гейдар Әлиевтің Әзірбайжан Республикасының қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі туралы баяндады.
      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Г.М. Кәкенова баяндамасында: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздік мәселелері және бітімгерлік миссияларға қатысу бойынша бастамалары, әлемнің кез-келген бөлігіндегі тұрақсыздық және шиеленіс жағдайында мемлекеттердің ешқайсысы өзінің қауіпсіздігіне сенімді бола алмайтынының  айқын түсінігіне негізделген» деп атап көрсетті.
      Ғалым-сарапшылар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары А.Н. Қашқымбаев, тарих ғылымдарының докторы,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры С.И. Ковальская қазіргі Қазақстандағы тарих ғылымдарының даму мәселелері мен перспективалары туралы әңгіме қозғады.
      «Дөңгелек үстел» қатысушылары конфессияаралық бейбітшілік, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық пен өркендеу мемлекеттілікті сақтау мен ел дамуының маңызды факторлары болып табылады деген ортақ пікірге келді.

 


      2013 жылы 25-ші қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірі мен қызметінің дерекнамасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
      Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі және Астана қаласындағы Қазақ ГЗУ Гуманитарлық-заң колледжі.
      «Дөңгелек үстел» жұмысына ұстаздар, Қазақ ГЗУ Гуманитарлық-заң колледжі студенттері және Музей қызметкерлері қатысты.
      «Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы тарихи рөлі,
Н.Ә. Назарбаев көшбасшылығының феномені, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу туралы өзекті мәселелерді талқылады.
      «1991 жылы 1-ші желтоқсанда Қазақстан тарихында алғаш рет ел Президентінің сайлауы өткізілді, сайлау барысында қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевты Тұңғыш Президент сайлап, өздерінің тарихи таңдауларын жасады», – деп атап көрсетті «дөңгелек үстелдің» модераторы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова.
      Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ ГЗУ Гуманитарлық-заң колледжі Қазақстан тарихының оқытушысы Е.И. Елеусізов өз сөзінде Музей әкімшілігіне алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «дөңгелек үстел» өткізудің маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар қазіргі заманғы қазақстандық жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелеріне тоқталды.
      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарына үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру талабын қойып отыр. Қазақ ГЗУ колледжі студенттері үш тілде: «Елі үшін туған Елбасы» тақырыбы бойынша Өмірхан Жансая, «Жизнь и деятельность Первого Президента Республики Казахстан» атты тақырыпта Әшімова Айнаш, «Lider of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev» тақырыбында Тілеуқұл Самал баяндамаларын жасады. Баяндамашылар саяси аренада табыстарға қол жеткізуге ықпал еткен
Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы өмірбаяндық фактілерге және Мемлекет басшысының көшбасшылық қасиеттеріне тоқталды. 
      Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевқа арналған Қазақ ГЗУ колледжі студенттерінің: Чарыева Гүлжамалдың «Президентке арнау» атты өлеңі, Нұрбаев Қайыржанның орындауында Ербол Құралайдың «Елбасы, Қазақстан» атты өлеңі оқылды.
      Еліміздің сыртқы саяси мүддесінің кең ауқымды спектрінде және ұлттық мүддесін қамтамасыз етуде Қазақстанның мұсылман әлемімен ынтымақтастығы ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғалым хатшысы Г.Б. Карагизова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мұсылман әлемі елдерімен мемлекетаралық дипломатияны нығайтудағы рөлін айта отырып, еліміздің мұсылман әлемімен қарым-қатынасы туралы баяндады.
      Астана қаласы еліміздің бренді болып табылады. Қазақстанның серпінді бастамаларының басым бөлігі Астана қаласымен байланысты. Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі
Н.Қ. Мусина Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Астана қаласын дамытудағы бастамаларына тоқталды.
      Мемлекет басшысының мектепте оқыған жылдарында тұлға болып қалыптасуы туралы мәліметтер «дөңгелек үстелге» қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Л.Ә. Омарова Н.Ә. Назарбаевтың жастық шағы, еңбек жолының басталуы туралы баяндады.
      Баяндамалар жасау барысында Мемлекет басшысы жеке мұрағатының қорынан алынған құжаттар, сонымен қатар, музей қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кіші Отанына жасаған ғылыми-іздестіру экспедициясының материалдары пайдаланылды.
      «Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – қазақстандықтар үшін үлкен маңызды мереке, Елбасына көрсетілген бүкіл халық құрметінің айғағы, Нұрсұлтан Назарбаевтың аса зор еңбегін танудың белгісі деп атап көрсетті.


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ



    2014 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция барысында мынадай бағыттар бойынша секциялар жұмысы қарастырылады:
• Музейлер, кітапханалар, мұрағаттар - мәдени мұраны сақтау институттары.
• Музей және ғылым: Серіктестік. Тәжірибе. Перспективалар.
• Өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы музейлердің рөлі.

Конференцияның мақсаты:
• Қазіргі кездегі музейлердің дамуымен, олардың ғылыми және білім беру әлеуетімен байланысты өзекті мәселелерді талқылау.
• Мәдениет, ғылым, өнер және білім беру салалары бойынша кәсіби оңтайлылықты дамыту, заманауи технологиялар саласындағы отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасу.
• Тарихи-мәдени құндылықтарға жастар аудиториясының назарын аудару үшін музей қызметінің заманауи интерактивті түрлерін дамыту.

Конференция бағдарламасы мыналарды қарастырады:
1. Теориялық бөлім (баяндамалар жасау);
2. Тәжірибелік бөлім (қатысушыларға сертификаттар бере отырып,
шеберлік сыныптарын өткізу);
3. Музейдің 10 жылдығына арналған көрменің ашылуы.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

Басқа қалалардан келетін конференцияға қатысушылардың шығындары жіберуші тарап есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияның материалдар жинағын басып шығару жоспарланып отыр.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына 2014 жылдың 1 мамырына дейін мынадай материалдарды жіберу қажет:

1. Конференция жұмысына қатысуға өтініш (1-нысан қоса беріледі).
2. Электронды пошта арқылы немесе электронды тасымалдағыштардағы баяндама мәтіндері (2-нысан қоса беріледі).
3. Мәтін сақталған файл атауы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі бірінші автордың тегіне сәйкес болуы керек. Сауалнама сол атаумен жеке файлда болу керек, төменгі сызықтан соң сауалнама / anketa деп көрсету керек.
4. Тиісті бағыттар бойынша ғылыми және қолданбалы мәні бар және бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған өзіндік жұмыстар қабылданады.
5. Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз. Электронды нұсқадағы баяндама мәтінін ресімдеуге қатысты талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тарту құқығына ие.
6. Көлемі – Microsoft Word мәтіндік редакторында 6 бетке дейін.
7. Қаріп: түрі – Times New Roman, кегль – 12, жоларалық интервалы – жалаң; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады.
8. Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.
9. Баяндама атауы – жартылай қою қаріппен, бас әріптермен жол ортасында.
10. Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда симметриялық түрде оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі; Келесі жолда симметриялық түрде – мемлекет пен қаланы көрсету қажет.
11. Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы парақ нөмірі көрсетілген тік бұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы, [4, с. 89].
12. Дәйексөздер алынған әдебиеттер тізімі міндетті түрде болуы керек. Тізім мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі. Ресімдеу үлгісі:

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1..Назарбаев Н. А. В сердце Евразии. – Алматы: Атамура, 2005. – С. 26.
2. Нарожная В. Д. Невербальная коммуникация как этнокультурный феномен: дис. … доктора филол. наук. – Шымкент, 2010. – С. 32.
3. Кадыров Б. Вдохновляющий пример ТЮРКСОЙ // Казахстанская правда. – 2011. – 21 сентября. – С. 1–2.
4. Обращение Президента Н. А. Назарбаева по случаю вступления Республики Казахстан на пост председателя ОБСЕ / [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://kazembassy.ru.
5. Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева. Историко-документальное исследование / Нурымбетова Г., Кудайбергенов Р. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2010.


13. Сұлбалар, фотолар, суреттер, сканерленген кескіндемелер және т.с.с. – JPG форматында жеке файл түрінде, диаграммалар, графикалар – Excel бағдарламасында берілуі қажет. Файлдардың атауы суреттердің, сұлбалардың, диаграммалардың және т.с.с. баяндама мәтініндерінің атауларына сәйкес болуы керек. Суреттердің атауы мен нөмірі суреттердің төменгі жағында, кестелердің атауы мен нөмірі кестелердің жоғарғы жағында (туралау – жол ортасында) көрсетіледі, Кестелер, сұлбалар, суреттер, формулалар, графикалар көрсетілген жолдан асып кетпеу керек (кестелер мен суреттердегі қаріп – 12 төмен емес).
14. Тырнақшалар «» белгісімен белгіленеді; көрсетілген даталардағы ғасырлар – рим цифрымен, жыл – араб цифрымен жазылады.
15. Қысқарған сөздер баяндама мәтінінің соңында әліпби тәртібімен аббревиатуралардың мағынасын ашып жазу арқылы көрсетіледі.
16. Парақты нөмірлеу: ереже – парақтың төменгі жағында, мәтінді туралау – оң жақтан.
17. Әдебиет сілтемелер түрінде көрсетіледі, абзацты аралық арқылы жазуға болмайды.
18. Қолмен тасымал жасауға болмайды (manual hyphenation).
Секцияда баяндама бойынша сөз сөйлейтіндер MS PowerPoint бағдарламасында жасалған сөйленетін сөздің компьютерлік таныстырылымын көрсетуге тиіс. Барлық техникалық мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетіне немесе техникалық топқа алдын ала хабарласу керек. Конференцияға қатысушылардың таныстырылым файлдарын ақпарат тасымалдаушыларынан көшіру секция жұмысы басталғанға дейін 30 минут бұрын ДӘЛ УАҚЫТЫНДА аяқталатын болады. Ұйымдастыру комитеті қате бейнелері бар стандартты емес қаріптер немесе көрсету барысында қиындық тудыратын (іркіліс, компьютердің тоқтап қалуы, бағдарламаның аяқ астынан жабылып қалуы) материалдарды көрсетуден бас тарту құқығына ие.
Тілек білдірушілер стендтік (постерлік) баяндамаларды көрсете алады.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.

Өтінімдер мен материалдар мына мекенжай бойынша жіберіледі:
010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Конференцияның үйлестірушілері:
Ғылыми-зерттеу орталығы
Тел.: (7172) 75-13-07, 75-12-15, 75-13-99
Факс: (7172) 75-12-15
E-mail: mpnaukacentre@mail.ru
 

Қатысуға шақырамыз!