2010 ж.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
«Үздік музейлік сабақ: «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін – ақиқат!»
атты педагогтардың шығармашылық шеберлігінің қалалық конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер


«Үздік музейлік сабақ: «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін – ақиқат!» атты педагогтардың шығармашылық шеберлігінің қалалық конкурсын (әрі қарай-Конкурс) өткізудің негізгі мақсаттары:

1. Еліміз егемендігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алу мен даму тарихын, әлеуметтік-саяси реформалау үрдістерін, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі, экономикалық және мәдени қайта құрулар, тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін ашу (1-қосымшаны қараңыз).
2. Музей педагогикасы саласындағы озық технологияларды анықтау және қолдау, музейлік-педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру мен музейлік білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелермен алмасуға ықпал ету.
3. Оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін әрі қарай дамыту және музейлік білім кеңістігіндегі қазіргі заманғы музейлік-педагогикалық тәсілдер мен технологияларды зерделеу.
4. Музей педагогы мамандығының мәртебесін көтеру, талантты музейлік педагогтарға қолдау жасау.
5. Музейлік білім беру саласындағы әріптестікке, білім мен мәдениеттің кірігуіне ықпал ету.
6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты мұрағат материалдары мен музей қорын насихаттау.

Конкурсқа қатысушылар көрсетуі қажет:

1. Музей педагогикасы саласындағы әдістемелік жұмыс дағдысы мен оны өзінің кәсіби қызметінде пайдалана білу әрекетін.
2. Оқушылармен музейлік құндылықтарды меңгеру үрдісін тиімді ұйымдастыра білу және музейге жиі келу мен музейлік коммуникацияға қосылудың қажеттілік деңгейіне жеткізетін қызығушылықты дамыту іскерлігі.
3. Әділқазылар алқасының мүшелеріне шараға өзіндік талдау жасау білігін.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар

Конкурсқа:

• Оқу курсы / бағдарламасы;
• Сабақ сценарийлері / сыныптан тыс шаралар / тәрбие шараларын ұсынуға болады

Конкурсқа ұсынылған жұмыстың қосымшасында болуы қажет


1. Зерттеу тақырыбы бойынша музейтанулық материал.
2. Ұсынылған конкурстық жұмыста қолданылған оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық технологиясын пайдаланудың интерактивті әдістері мен тәсілдерінің сипаттамасы.
3. Аталған сабақта /курста /бағдарламада оқушылардың шығармашылық қызметінің ұйымдастырылуын сипаттау.
4. Қазіргі заманғы сабақ талабына сай сабақтың /курстың /бағдарламаның тиімділігін талдау.
5. Пайдаланылған әдебиет.

Музейлік білім беру сабағы /курсы /бағдарламасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері

1. Конкурсант ұсынған жұмыстың мазмұнында оқушы жастардың бойында құндылық бағдарын қалыптастыруға бағытталуы.
2. Музейлік-педагогикалық процеске ҚР ТПМ экспозициясының материалдарын енгізу.
3. Орындау кәсібилігі.
4. Қазіргі заманғы музейлік білім беру сабағы /курсы /бағдарламасының негізгі талаптарға сай келуі (авторлық бағдарламадағы конкурстық сабақтың орны мен рөлін көрсету).
5. Оқушылармен жұмыс барысында пәндік, музейлік және өлкетану әлеуетінің енгізілу деңгейі.
6. Қазіргі заманғы музейлік-педагогикалық технологияны қолдануы.
7. Рәсімдеу деңгейі, бірегейлігі.
8. Сабақ өткізудегі педагогикалық шеберлік пен кәсібилік.

Конкурсқа қатысу шарттары

Конкурсқа қатысу үшін қажет:

1. 2010 жылдың 1 қазанына дейін қатысу туралы өтініш беру (2,3-қосымшаларды қараңыз);
2. 2010 жылдың 1 қарашасына дейін материалын тапсыру (негізгі тақырыптық бағыттарды 2-қосымшадан қараңыз):
• бір музейлік білім беру сабағы;
• немесе курс / бағдарлама. Егер конкурстық сабақ бағдарламаның бір бөлігі болған жағдайда, түсіндірме хаты бағдарламаның құрылымын және бағдарлама құрылымындағы аталған сабақтың орнын көрсетуі қажет.

Конкурс екі кезеңде өтеді


I кезең – 2010 жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін.
Іріктеу: әділқазылар алқасының жұмысы, үздік музейлік білім беру сабағы /курсы /бағдарламасын анықтау.
II кезең – 2010 жылдың 6 желтоқсанынан 10 желтоқсанына дейін.
Финалистердің таныстырылымы - II кезеңнің жеңімпаздарының конкурстық жұмыстарын көрсетуі.

Конкурстың қатысушылары

Конкурсқа қатысуға:

• Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының, жеткіншектер клубының, балалар және жастардың қоғамдық ұйымдарының педагогтары; елорданың жоғары оқу орындарының педагогикалық факультеттерінің студенттері;
• Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын белсенді түрде пайдалану негізінде өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде музей педагогикасын жаңа технология деп білетіндердің барлығын шақырамыз.

Сараптама жасау және конкурс қорытындысын өткізу тәртібі

• Сараптама жұмысы әділқазылар алқасы бекіткен номинациялар бойынша жүргізіледі.
• Ұйымдастырушылар комитетінің Конкурстың тақырыптарына немесе ұсынылған талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамауға құқығы бар.
• Ұсынылған материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушыларды марапаттау


Барлық қатысушыларға:

1.1. Конкурсқа қатысушының сертификаты;
1.2. Қатысушылардың ұсынған материалдарынан жинақталған компакт-диск (DVD);
2. Конкурстың жеңімпаздарына (ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орынның иегерлері):
2.1. Диплом және сыйлықтар;
2.2. «Үздік музейлік сабақ: «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат!» конкурстық сабағы /курсы /бағдарламасының сценарийлерінен жинақталған кітапша тапсырылады.

3. Қосымша:
3.1. Үздік деп танылған музейлік білім беру сабағы /курсы /бағдарламасы жыл сайын шығарылатын «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің музейлік сабақтарының жинағына» басылады;
3.2. Конкурстың қорытындысы туралы материал «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналында (Меншік иесі-«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі» мемлекеттік мекемесі) жарияланады.

1-қосымша

 

Негізгі тақырыптық бағыт


1. Қазақстан Республикасы – егемен демократиялық мемлекет
2. Қазақстан Республикасының қалыптасуының негізгі кезеңдері
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
4. «Тәуелсіздік жаршысы»
5. Ұлттық валюта – теңге
6. Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі
7. Н.Ә. Назарбаев және тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы
8. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы
9. Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты
10. Қазақстан – ғарыш айлағы
11. Президент және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері
12. Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
13. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
14. Қазақстан әлем картасында
15. Қазақстан халқының Ассамблеясы және оның ұлтаралық келісім үндестігіндегі рөлі
16. Қазақстан және мұсылман әлемі
17. Конфессиялар үнқатысуы Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық факторы ретінде
18. Н. Ә. Назарбаевтың еуразия идеясы
19. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі
20. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
21. Егемен Қазақстанның партиялық-саясы құрылымының қалыптасуы
22. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мемлекетіміздің имиджін қалыптастырудың факторы
23. Қазақстан Республикасының тарихи ескерткіштері
24. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы
25. Алаш қозғалысы және XX ғасырдың басындағы ұлттық идея
26. Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар
27. Қазақстан аумағындағы әдемдік діндер: тарих және қазіргі заман
28. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі коллекциясындағы әлемдік діндердің ғибадат етуге арналған бұйымдары
29. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қарулар коллекциясы
30. Мемлекет басшысына сыйға берілген дипломатиялық тартулар Қазақстанның сыртқы байланыстары тарихының қайнар көзі ретінде
31. ҚР ТПМ жинақтарындағы сыйлықтар
32. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
33. «Ой бөлістім халқыммен...»
34. Ежелгі Қазақстан өнері
35. Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштер және культтік құрылыс
 

2-қосымша


Конкурстық жұмыстарды рәсімдеу тәртібі

Баспаға ұсыну үшін сабақтың /курстың /бағдарламаның сценарийі қағаз және электронды түрінде болуы қажет. Сабақтың /курстың /бағдарламаның сценарийі білім беру ұйымы басшысының қолы және мөрімен расталуы тиіс.
Мәтін Word редакторында рәсімделеді; шрифті Times New Roman (орыс тіліндегі мәтін үшін) немесе KZ Times New Roman (қазақ тіліндегі мәтін үшін); кегль 12; аралық өлшем-1,0; жоғарғы жағы-2, төменгі-2, сол жағы-3, оң жағы-1,5.
• сабақтың авторы туралы мәлімет: толық аты-жөні, жұмыс орны, қызметі;
• сабақтың /курстың / бағдарламаның атауы (әрі қарай - Сабақ);
• сыныбы;
• сабақтың мақсаты;
• сабақтың міндеттері;
• сабақтың түрі;
• оқыту әдістері;
• көрнекі құралдар (музей құндылықтарын көрсету);
• құрал-жабдық;
• сабақтың жоспары;
• сабақтың барысы;
• қосымша;
• пайдаланылған әдебиет.

Ескерту:

1. Сценарийде сабақ барысында қолданылған слайд және бейнетаспа көрсетіліп отыруы керек.
Рәсімдеу үлгісі:
1-слайд. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (фото).
2-слайд. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1 тарау. 9-бап.
3-слайд. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік
іссапары (фото).
• «Ұшқыш-сынаушының күндері» бейнетаспадан үзінді көру.
2. Сабақ барысында қолданылған өлеңдер мен тақпақтар мәтіндері авторларының аты-жөні мен еңбегінің атауы міндетті түрде көрсетілуі қажет.
Рәсімдеу үлгісі:
Республикам – арай тұнған күн шақ,
Кең төсінде – ырыс, бақыт, ынтымақ.
Келелі іске, кең өріске ұмтылып,
Жаңаруға таба білдің тың қуат.

Болат Үсенбаев. «Республикам менің».

 

3-қосымша

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
«Үздік музейлік сабақ: «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін – ақиқат!»
атты педагогтардың шығармашылық шеберлігінің қалалық конкурсына қатысуға

ӨТІНІШ

Өтініш пен материал қағаз және электронды нұсқада келесі мекен-жайға жіберіледі:
010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
Конкурстың үйлестірушілері: музей педагогикасы орталығы
Тел. (7172) 75-12-12, 75-13-70, 75-12-65;
Fax (7172)75-12-12

E – mail: cmp_muzeum@mail.ru


 

Қосымша мәліметті келесі сайттан ала аласыздар
http://www.prezidentsmuzeum.kz

Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!


     2010 жылдың 24 тамызында Білім күні қарсаңында 1-сыныпқа баратын мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін «Біз мектепке барамыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл кездесу астаналық «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырылып өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ерекше балаларға арналған балалар мерекесін өткізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Мұндай шаралардың әлеуметтік бағдарламалары балалардың осы санатын түсінетін және қолдайтын қоғамның маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ұйымдастырушылардың тарапынан қатысушылардың көңілін көтеретін танымдық ойын-сауық бағдарлама әзірленді, Іс-шараға қатысушы барлық балаларға ұсынылған түрлі сыйлықтар шын мәнінде мерекелік сыйлық болды.


    2010 жылдың 2 шілдесінде Музей және Астана қаласының №19 «Балбөбек» бала бақшасының педагогтары мен тәрбиеленушілерімен бірлесіп ұйымдастырған «Жайнай берсін, Астанам!» атты балалар мерекесі өтті.

Астана күніне арналған және Музейдің Білім бағдарламасының аясында өткізілетін балалар мерекесі Музейде игі дәстүрге айналған. Мұнда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бұрынғы резиденциясының қабырғасында Астананың жас тұрғындары мерекелік жағдайда туған қалаларының тарихымен танысады.
Балалардың Астана күніне арнаған өлеңдері мен тақпақтарын Білім басқармасының өкілдері, қала мектептері мен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының педагогикалық ұжымы, ата-аналар қошеметпен қарсы алды.

Бақытын іздеген қыз туралы балалардың сахналық қойылымы Білім бағдарламасына қатысушылардың риясыз қызығушылығын туғызды. Тамашалаушылардың көз алдынан Астананың кө тартар ғимараттарын, мәдениет ескерткіштерін, шағын мүсіндерді, су бұрқақтары мен саябақтарды өткізді.
Бала бақшаның тәрбиеленушілері орындаған хореографиялық композициялар қайталанбас сәнімен мерекені тартымды етті, әсіресе грузиндік бишілер мейрамға екпінді қарқын берсе, келесі шыққан қазақ батырлары өз нөмірлерінде шеберліктерін көрсетті, ал «Көңілді веловипедші» нөмірімен таныстырған кішкентай цирк бишілері мен «Гүлдер» биі көрерменнің көңілін серпілтіп тастады.

Шара барысында Музейдің қорынан бірегей фотоқұжаттар мен бейнетаспадан үзінді көрсетіліп, балалар Астананың сәулеттік бейнесінің құрылу тарихымен танысты.
Мерекенің аяғында барлық балаларға естелік ретінде сыйлықтар тарту етілді.


      2010 жылдың 30 маусымында Музей және Астана қаласының №30 «Қайнар» бала бақшасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Туылған күніңмен, Астана» атты балалар мерекесі өтіп, оған Астана қалалық Білім басқармасының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар қатысты.

     Бала бақшаның тәрбиеленушілері қонақтарды достықтың сиқырлы әлемімен таныстырды. Танымдық-ойын-сауық бағдарламасының барысында ойындар ойнатылып, жұмбақтар шешілді. Елорда күнінің құрметіне орай құттықтау ретінде «Астана» әнінің шырқалуы мерекеге өзіндік әр берді.
Кішкентай би шеберлері орындаған «Бәйтерек» хореографиялық композициясы да қонақтарды толғандырмай қоймады.

Балалар сүйікті қаламыз Астананың бірегей туындылары – ғимараттар, сәулет ескерткіштері туралы өлең жолдарын аса сүйіспеншілікпен арнады. Мұндай мерекелерге қатысу балалардың кішкентай жүрегінде елордада болып жатқан тарихи оқиғаларға ортақтастық сезімін қалыптастырады, өз елі мен қаласына деген мақтанышын тудырып, отансүйгіштік рухқа тәрбиелейді.
Туған қалаларына сыйлық ретінде жас астаналықтар өз қолдарымен елорданың басты көз тартарлық ғимараттарын түрлі әсем гүлдермен көмкерген панно жасап, оны Астананың 12 жылдық құрметіне орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне сыйға тартты.

Мерекеге қатысушыларға Музей қорынан мұрағаттық құжаттар мен экспонаттар таныстырылды. Мысалы, балалар мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевқа тапсырылған «Астананың құрметті азаматы» лентасын көріп, елорданың символына айналған «Бәйтерек» монументінің құрылу тарихы туралы бейнетаспадан үзінді тамашалады.
Мерекенің соңында бала бақшаның тәрбиеленушілеріне естелік сыйлықтар тарту етілді.


      2010 жылдың 17 мамырында Еуропалық комиссияның ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» орай әлемдік гендерлік теңдік тақырыбы аясында балалардың сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Аталған конкурс 4 жыл қатарынан әлем балаларының гендерлік теңдік тақырыбы жөнінде өз көзқарастарын білдіруге шақырады.

Конкурсты ұйымдастырушылар –Еуропалық одақ Өкілеттілігі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі.
Мерекелік іс-шараға Еуропалық одақ Өкілеттілігінің басшысы, Елші Норбер Жустен мырза жұбайымен, жетім балалар, көпбалалы отбасының балалары, сонымен қатар № 1 математика-экономика лицейінің және № 2, 4, 6 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты. Іс-шараға келген қонақтар мерекелік танымдық-ойын-сауық пен концерттік бағдарламаларды тамашалады.
Қазақстандық жас суретшілер конкурсқа үшінші рет қатысты Мәселен, 2009 жылғы конкурста Қостанай облысы Жетіғара қаласынан шыққан 9 жасар Темірлан Қарғұлов жеңімпаз атанып, Еуропалық одақ Өкілеттілігінің басшысы, Елші Норбер Жустен мырза жас суретшінің туған жеріне барып құттықтап, сыйлығын табыс еткен болатын.
Мереке барысында ашық дауыс беру арқылы ең жоғары деп танылған 10-ға жуық қазақстандық дарын иелерінің шығармалары іріктелді, енді олардың жұмыстары Брюссельде өтетін әлемдік конкурс финалына жіберіледі. Еуропалық оқушылар құрамынан тұратын әділ қазы мүшелері әлемнің әр аймағынан келіп түскен 2 шығармадан іріктеп алады. Іріктеуден өткен жеңімпаздарға 1 000 евро көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Еуропалық одақ Өкілеттілігінің басшысы, Елші Норбер Жустен мырза балалардың жұмыстарымен танысып болған соң өз бағасын берді: «Еуропалық комиссияның ұйымдастыруымен гендерлік теңдік тақырыбына арналған дүниежүзілік балалардың сурет байқауына 8 бен 10 жас аралығындағы жас суретшілер қатысады. Бүгін, сіздер, ең жоғары деп танылған 10-ға жуық жұмысты таңдаған соң, шығармалар әлемдік балалар сурет байқауына Брюссельге жіберілетін болады. Бүгінгі мерекелік іс-шара «Отбасы күні» қарсаңында өткізіліп отыр. Жас дарын иелерінің шығармаларынан отбасы деген киелі ұғымды қандай дәрежеде қабылдайтындықтарын байқадым. Олардың жұмыстарында жанұядағы гендерлік теңдік тақырыбы жақсы суреттелген. Биыл іріктеуден өткен 10 жас суретші жазда Астанаға шақырылады. Қазақстандық жас таланттардың Брюссельдегі дүниежүзілік балалардың сурет конкурсынан жеңімпаз атанатындығына күмәнданбаймын. Себебі, 2009 жылы Қостанай облысы Жетіғара қаласынан шыққан 9 жасар Темірлан Қарғұлов, аталған байқаудан жеңіп шыққан болатын. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғалиқызына, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының» директоры Елена Колмогороваға және Еуропалық одақ Өкілеттілігінің қызметкерлеріне алғысымды білдіремін».
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғали қатысушыларға сәттілік тілей отырып: «Гендерлік теңдік тақырыбында әлемдік балалар сурет конкурсының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде өткізілуі кездейсоқтық емес. Себебі, біздің Музейімізде 5–9 жас аралығындағы балалар оқитын Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер студиясы жұмыс жасайды. Осыған орай, 2005 жылдан бері «Бала және мәдениет» жобасы аясында «Туған жерім» астаналық балалардың сурет конкурсын өткізу дәстүрге айналып келеді. Кішкентай суретшілердің қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстарын тамашалауға, өз шығармаларын Музей галереясында ұсынуға мүмкіндіктері зор. Норбер Жустен мырза әлем балаларының талантының шыңдалуына бірден-бір үлес қосып жүрген жас суретшілер табынушысы және жанашыры деп айтуға болады», – деп өз ойын осылайша түйіндеген болатын.
Конкурс қатысушыларына мектеп оқушылары тарапынан дауыс беру іс-шара соңына дейін жалғасып жатты. Ұйымдастырушылардың тарапынан қатысушылардың көңілін көтеретін танымдық ойын-сауық бағдарлама әзірленді, әр балаға түрлі сыйлықтар ұсынылды.