2007 ж.

      2007 жыл. Маусым. Пластилиннен жасалған мүсін өнерінің жалпы қалалық ашық конкурсы.
     2007 жыл. Маусым. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған «Туған жерім – 2006» атты әдеби шығармашылық және кескіндеме өнері республикалық конкурсының жеңімпаздары жұмыстарының бірінші каталогының тұсаукесері.
      Ұйымдастырушылардың көмегімен танымдық-көңіл көтеру бағдарламасы дайындалды. Балаларды Білім күнімен құттықтау үшін ертегілер әлемінен сүйікті кейіпкерлер, балалар хореографиялық ансамбльдері, күлдіргіштер және Әліппе келді. «Қамқор» қорының мейірімді сиқыршылары 1-сыныпқа баратын әрбір балаға оқуға қажетті заттарды сыйға тартты.
      2007 жылғы 27 наурызда «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының 15 жылдығына арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты музей сабағы өткізілді. Музей сабағына №22 мектептің оқушылары, Астана қаласы балабақшасының, SOS Kinderdof балалар ауылының тәрбиеленушілері, оқу орындарының «Өзіңді өзің таны» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жүрген ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Сабақта балалар Туған жерге деген өздерінің сүйіспеншілік сезімдері туралы айтты, өздері туралы, өздерінің көпұлтты отбасы туралы әңгімеледі.
     2007 жылғы 31 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Сәндік-қолданбалы өнер», «Бейнелеу өнері», «Әдеби шығармашылық» номинацияларынан тұратын «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының ІІ республикалық фестивалі жеңімпаздары мен қатысушылары жасаған жұмыстардың ашық көрмесі ұйымдастырылды. «Ерекше» балалармен жұмыс – Музей жұмысының бөлек беті. Музейде тірек-қозғалыс жүйелері ауыратын балаларға арнаулы пандус орнатылған, АҚШ суретшілері мен педагогтарының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арт-кластар өткізілді. (2006 жыл, маусым).
      2007 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні аясында 10-13 жастағы балалар арасында пластилиннен жасалатын мүсін өнерінің жалпы қалалық ашық конкурсы өткізілді. Бұл конкурсты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Байта» Қазақстанның шығармашылық бастамаларын және мәдени мұраларын қолдайтын қайырымдылық қоры, Астана қаласы Білім департаменті Балалар көркемдік мектебі ұйымдастрды. Тұңғыш Президент Музейінің мерекесіне қатысушы бірде-бір бала сыйлықсыз қалған жоқ. Ең үлкен сыйлық «Туған жерім – 2006» атты әдеби шығармашылық және кескіндеме өнерінің республикалық конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына дайындалды. Сол конкурстың қорытындылары бойынша ұйымдастырушылардың көмегімен жеңімпаздар мен қатысушылар жұмысының бірінші каталогы шығарылды. Мерекенің жас қатысушыларына әр түрлі түске боялған, тамаша иллюстрацияланған каталог табыс етілді. Бұл күн, әсіресе, Ахмедина Әлиманың есінде мәңгі сақталады: пластилиннен жасалатын мүсін өнері конкурсының 3 жастағы қатысушысы ҚР Тұңғыш Президенті Музейі бекіткен «Үкілі үміт» дипломына ие болды.
     2007 жылғы 4 шілдеде Қала күнінің алдында № 5 «Ақбота» атты балабақшаның тәрбиеленушілері үшін, Астана қаласы «Ақбота» балалар қорымен» бірлесіп ұйымдастырылған «Ғажайып қала – Астана» атты сабақ өткізілді. Сабақ ертегілік сюжеттерге құрылған, балаларды құттықтау үшін, ғасыр тереңінен Алтын адам келді. Мерекені ұйымдастырушылар кішкентай қатысушыларға сыйлықтар дайындады.
      2007 жылдың 10 қазанында Музейде Республика күніне орай Астана қ. қоғамдық «Ақбота» балалар қорымен» бірлесіп ұйымдастырылған «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» тақырыбында балаларға арналған мереке сабақ болып өтті.
      Маңызды ұлттық идеяларды бейнелейтін ертегі кейіпкерлері: Ботақан, Барыс, Бүркіт, Құлыншақ, Ғарышкер, Пошташы Білім беру бағдарламасына қатысушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін жетілдіруіне жәрдемдесті. Мемлекет басшысының бірінші Резиденциясымен танысу, ҚР ТПМ қорындағы экспонаттармен танысу, әсіресе, Н.Ә.Назарбаевтың оқу үлгерімінің табелімен, мектепте оқыған жылдарында түскен суреттері мен грамоталары материалды ұзақ есте қалдыруға септігін тигізді. Мереке «зымыран-арманды» ұшырумен аяқталады. Балалар ертегі кейіпкерлері – Ғарышкермен бірге әр баланың ақ қанат арманын алып ұшатын сиқырлы корабльді ғарышқа алып ұшты. Ұйымдастырушылар мен оқушылардың ойларынша, бұл іс-шара 9 жылдан соң жалғаспақ. Балалардың тілектері жазылған ваза Музейге сақтауға беріледі. Өздерінің ұшар ұясы –«альмаматермен» қоштасарда, 2016 жылы, осы бір ерекше әсерлі сабаққа қатысушылар қайтадан Тұңғыш Президент Музейіне өздерінің бала кездегі аяулы армандарымен -2007 жылдың 10 қазанында осы бір есте қалар ерекше күні жазып қалдырған армандарымен қауышуға келмек.


      2007 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Біртұтас шаңырақ астында» тақырыбында музей сабағы өтті. Сабақты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Музей педагогикасы орталығы «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында ұйымдастырды.
      Сабаққа №31 орта мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар көп ұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне арналған қойылымдар дайындаған, сонымен қатар астананың ұлттық-мәдени орталықтарын («Лад», «Вайнах», «Поляктар», «Ватра», «Ван», «Wiedergeburg»).таныстырды.
      «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі С.С.Героев, «Ван» армян ұлттық-мәдени орталығының өкілдері сабақтың қонақтары болды.


      2007 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде астанада өткен «Туған жерім – 2007» сурет конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау және олардың жұмыстары бойынша ұйымдастырылған көрменің ашылу рәсімі өтті.2005 жылдан бері конкурс қорытындысын жариялау салтанаты Музей қабырғасында өтіп келеді.
      Конкурстың ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім департаменті, «Байта» Қазақстанның мәдени мұрасы мен шығармашылық бастамаларға қолдау көрсету қайырымдылық қоры және Астана қ. Білім департаменті Балалар көркемөнер мектебі.

      «Туған жерім – 2007» сурет конкурсы мынадай тақырыптарды қамтиды:
• «Жас астана 10 жаста»;
• «Менің қаламның өткені, бүгіні және келешегі»;
• «Қазақстан халықтарының аңыздары мен ертегілері».
      Конкурсқа Қазақстанның әр өңіріндегі балалар көркемөнер мектептерінің, лицейлердің, студиялардың оқушылары - 6 жастан 16 жасқа дейінгі аралықтағы жас суретшілер қатысты.

      Жас суретшілер өз жұмыстарында сүйікті қалалары – мемлекетіміздің жас астанасының тарихын, Қазақстан халықтарының аңыздары мен ертегілерінің мазмұнын, кейіпкерлерін жарқын бейнелеген, олар әділ қазылар алқасын таңдаған тақырыптары мен сюжеттерінің әр алуандығымен, өмірді шынайы қабылдауымен таңдандырды.