2006 ж.

    2006 жылғы 26 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күнінің алдында «Ақ қайың» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін, Астана қаласы «Ақбота» балалар қорымен бірігіп ұйымдастырылған «Ертегілер әлемі» атты сабақ өткізілді. Сабақ ертегілік сюжеттерге және аңыздарға құрылды, бұл оқушыларға қазақ халқының мәдени салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мәлімет алуға көмектесті. Интерактивті тапсырмалар, өлеңдер, әндер балаларды ойын әлеміне жетеледі. Сабақ «Арманға сене біл» символдық жорасымен аяқталды.
      2006 жылы 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған «Мен әлемді сүйемін» атты асфальтта сурет салудан қалалық конкурс.
     2006 жылғы 2 шілдеде Қала күнінің қарсаңында «Ертегі» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін, «Туған күніңмен, Астана!» сабағы өткізілді. Балалар мерекені ұйымдастырушылармен бірге Бәйтерек туралы ежелгі аңызды және көрініс-әзілді сахнаға ыңғайлап қойды, би биледі. Мереке шамы мерекелік бәлішпен одан әрі шарықтай түсті.
      2006 жылғы 29 тамызда Білім күнінің құрметіне орай 1-сыныпқа баратын мүмкіндіктері шектеулі 35 оқушы үшін арнайы ұйымдастырылған «Біз мектепке барамыз!» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл шараны ұйымдастырушылар – ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі, «Қамқор» қайырымдылық қоры және «Астана қаласы Мүгедек балалар қоғамы» ҚҰ , ҚР ТПМ ерекше балаларға арналған балалар мерекесі жақсы дәстүрге айналып отыр. Мұндай шаралардың әлеуметтік бағдарламалары балалардың осы санатын түсінетін және қолдайтын қоғамның маңызды көрсеткіші болып табылады. Жоспарлы жұмысқа мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және әлеуметтік мекемелердің өкілдері қатысты.
      2006 жыл. Желтоқсан. «Туған жерім – 2006» әдеби шығармашылығының республикалық конкурсы.