Музей жинағы

 

 

 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
  
 
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Музейінің қорында 37 733   сақтам бірлігі қалыптасып, келесі коллекциялар мен қорларға үйлестірілген:
 

1.     Марапаттар коллекциясы;

2.     Бағалы металдар мен бағалы тастар бұйымдары;

3.     Қару-жарақ және әскери сауыт-сайман;

4.     Нумизматика;

5.     Кәдесыйлық бұйымдар;

6.     Ыдыс-аяқтар;

7.     Кілемдер және киіз бұйымдары;

8.     Киім;

9.     Жұмсақ инвентарь;

10.   Бейнелеу өнерінің заттары;

11.   Материалдық мәдениет заттары.

Сыйлықтар коллекциясы әлемдік державалардың Қазақстанды мойындауының куәсі, ел Президентіне және оның егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан теңдессіз үлесіне деген жеке құрмет белгісі болып табылады. Олардың ішінде ерекше қызығушылық тудыратын марапаттар қорына Австрия, Бельгия, Ватикан, Египет Араб Республикасының, Жапония, Италия, Латвия, Литва, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Польша, Румыния, Ресей Федерациясы, Словения, Словакия, Сауд Аравиясы Королдігі, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Франция Финляндия, Хорватия және т.б. елдердің жоғары мемлекеттік марапаттары ұсынылған.

Электрондық мұрағат қорында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметтік және қоғамдық қызметін көрсететін дәстүрлі, фото-, бейне, аудиоқұжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ музей құрылымдарының жинақтау жұмысы барысында түскен құжаттар сақталады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Музейі кітапханалық қорын Қазақстанның қазіргі заман тарихы, президенттік институт және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі туралы отандық және шетел авторларының ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдары құрайды. Кітап қорын толықтыру сыйға тарту, жинақтау, ғылыми-зерттеу, экспозициялық-көрме қызметінің барысында және басқа мекемелерден түскен, сонымен қатар Музейдің профиліне сәйкес олардың ғылыми, тарихи, көркемдік, экспозициялық құндылығы анықталған кітап саудасы орындарынан сатып алынған кітаптардың, кітапшалар мен мерзімдік басылымдардың есебінен жүзеге асырылады.