Киімдер және жұмсақ инвентарь коллекциясы

       Киімдер және жұмсақ инвентарь коллекциясы төмендегідей классификацияланады: портреттік, сюжеттік кілемдер, кілем-киіз бұйымдары, ұлттық киімдер, бас киімдер, тулар және т.б.
Вьетнам мемлекеттік университетінің Құрметті докторы. Диплом және мантия.

Кілем.Тоқыма, шағын сериялы өндіріс.
Татарстан Республикасының Президенті М. Шаймиевтен. Астананың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі халықаралық тұсаукесері.
10.06.1998 ж.

Парсы кілемі. Жүн; тоқыма.
Ұлы Социалистік Халықтық Ливия Араб Джамахириясы СІМ вице-министрі
М. Мужбирден. Астана қ.
08.11.2000 ж.
«Салт аттылар» кілемі. Жүн; қолдан тоқылған.
Қазақстан Республикасындағы Ирак Елшісі Н.В. Мозхерден.
2001 ж.

Парсы кілемі. Жүн; тоқу.
Түркия Президенті А.Н. Сезердtн. Түркістанның 1500 жылдық мерекесіне.
19.10.2000 ж.

Түкті кілем. Жүн; тоқыма.
Жамбыл Жабаевтың мерейтойына Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмонов сыйға тартқан.
1996 ж.
Профессор мантиясы бас киімімен. Оңтүстік Альберта Технологиялық институты (Канада). Жібек; жеке адамға арнап тігілген.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Канадаға ресми сапары, институтта болуы, 26 маусым 2003 ж.
Қазақтың ұлттық киімінің жиынтығы: камзол, жаулық және орамал. Жібек, кесте. С.А. Назарбаеваға Қызылорда облысының тұрғына З.Баймахановадан. 06.07.2001 ж.
Ер адамның шапаны. Барқыт, зер. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Өзбекстан Президенті И.К.Кәрімовтен сыйға тартылған. Астана қ., 16.11.02г.

21.01.2014 ж. Н.Ә. Назарбаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо мырзамен кездесті. Кездесу соңында Чунгвон Чо мырза Қазақстан Республикасының Президентіне тхэквондо (WTF) бойынша құрметті 9-шы дан дәрежесі белгісін, сондай-ақ тиісті белбеу мен кимононы тапсырды.

Қара белбеу. Мата. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо мырзадан. Корея. Астана, Ақ Орда. 21.01.2014 ж.

 

31.01.2014 ж. ҚР Президентіне Жапонияның Елшісі Масаёши Камохара, Пәкістан ИР Елшісі Шаукат Әли Мукадам, Оман Сұлтандығының Елшісі Саид бен Мохаммед бен Әли әл-Барами, Нидерланды Корольдігінің Елшісі Хенри Хуберт Дриссер, Ауғанстан ИР Елшісі Мухаммад Фарук Бараки сенім грамоталарын тапсырды.

Кәдесый «Ұлттық киімдегі жапондық». Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Масаёши Камохара мырзадан. Сенім грамоталарын табыстау рәсімі. Астана, Ақорда. 31.01.2014 ж.