«Атамекен»

Бірінші қабылдау бөлмесінің холы. «Атамекен» экспозициясы

            «Атамекен» ұғымы - қазақтар үшін өте киелі ұғым. Холға орналастырылған экспозиция келушілердің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жастық шағымен танысуына мүмкіндік береді.
            ХVIII-ХIХ ғасырлардағы түпнұсқа экспонатар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, күнделікті тұрмыс бұйымдары, фотосуреттер мен мұрағат құжаттары Н.Ә.Назарбаевтың отаны, отбасы, балалық шағы, мектепте оқыған кездері туралы баяндайды.