2010 ж.

      Тәуелсіздік Күні қарсаңында 2010 жылы 10-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін – ақиқат!» атты Халықаралық «дөңгелек үстел» өткізілді.
     Тәуелсіздік алғаннан соң республика ішкі және сыртқы саясатын өздігімен жүргізетін, өз аумағындағы билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет құруға кірісті. Тәуелсіздік жылдары біздің ұлттық тарихымызда ерекше орын алады. Бұл біздің республикамыздың жаңа тарихындағы күрделі әрі шешуші жылдар болды. Сонымен қатар бұл жылдар - ізденістер мен жүзеге асқан ұлы істердің жылдары.
«Дөңгелек үстелге» қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Елші, Қазақстандағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы А.Кельчевскийдің атынан құттықтау сөздер оқылды.
    Үнқатысу барысында тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, халықаралық қарым-қатынастардың дамуы, парламентаризмнің қалыптасуы, елдегі әлеуметтік саясаттың дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылар полиэтникалық қазақстандық қоғамның бірлігін сақтау мен нығайтудың бірегей тәжірибесін жинақтап, баршаға үлгі ету туралы және қоғамдық-саяси тақырыпты зерттеуде Музей мен мемлекеттік ұйымдар, ғылым және білім мекемелері арасындағы өзара байланысты одан әрі тереңдету туралы өз пікірлерін білдірді. Ғалым-сарапшылар, тарихшылар және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті замандастарының зерттеулерінде елеулі орын алатын Мемлекет басшысы қызметінің тарихи рөлін бейнелеудегі «үштік» – зерттеу, сараптау және насихаттаудың маңыздылығы туралы атап айтылды.
     «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, ғылым қайраткерлері қатысты.