2009 ж.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

      2009 ж. 24 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция барысында мына бағыттар бойынша секция жұмыстары жоспарланады:
• Ғылыми-қор және экспозициялық-экскурсиялық қызметтердің инновациялық түрлері
• Қазіргі заманғы музей тәжірибесіндегі ғылыми зерттеулердің өзектілігінің артуы.
• Музейлік білім беру бағдарламалары тұлғаның адамгершілік негіздері мен рухани дамуына әсер етуші фактор ретінде.
Конференция Музейдің 5 жылдығына арналған және музейлер мен ғылыми орталықтардың арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге, академиялық және музейлік қоғамдастықтарды біріктіруге бағытталған.
Конференция барысында қазіргі кезеңдегі музейлердің дамуымен; олардың ғылыми және білім беру әлеуетімен; музей тәжірибесіндегі интерактивті және ақпараттық технологиялармен; музей педагогикасымен; келушілермен жұмыстың жаңа түрлерімен байланысты мәселелерді талқылау ұсынылады.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға басқа қалалардан келетін қатысушылардың барлық шығындары жіберуші тарап есебінен жүзеге асырылады.
Баяндамаларды конференция бағдарламасына енгізу үшін аты-жөні мен тегін (толығымен), ғылыми дәрежесін, атағын, лауазымын, ұйымын, байланыс телефонын, баяндамасының атын) көрсете отырып 2009 ж. 1 мамырына дейін өтініш жіберу қажет.
Баяндамалардың мәтіндері 2009 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Мәтінге қойылатын мынадай талаптардың сақталуын сұраймыз:
- Microsoft Word 7.0 редакторында 12 кегль, 1,5 интервалмен терілген мәтін көлемі 6 беттен аспауға тиіс;
- азат жол – 3 белгі, жиегі: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағынан – 30 мм, оң жағынан – 15 мм;
- автордың тегі, аты-жөні, ұйымның атауы оң жақ бұрышында;
- баяндаманың аты бас әріптермен төменірек ортасына жазылады;
- азат жолдың шегінісі автоматты түрде жасалуға тиіс, тырнақша – «». Көрсетілетін даталарда ғасырлар рим санымен, жылдар араб сандарымен беріледі;
- сілтемелер мәтін соңында: 1..Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. – Атамұра, 2005. 26-б.
- әліпби тәртібімен қысқартулар тізім толық жазылу үлгісінде беру қажет;
- атаулар көрсеткішін әліпби тәртібінде беру қажет.
Конференция қорытындылары бойынша ғылыми материалдар жинағы шығарылады.
Ұйымдастыру комитетінің конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қайтару құқығы бар.
Өтініштер мен компьютерде терілген материалдардың электрондық нұсқалары мына мекен-жайға жіберіледі:
010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
Конференцияның үйлестірушілері: Ғылыми-зерттеу орталығы
Тел. (7172) 75-13-07; 75-13-99; 75-12-15
Fax (7172) 75-12-15
E-mail: mpnaukacentre@mail.ru
Конференция жұмысы туралы қосымша ақпарат екінші ақпараттық хатта беріледі.
Конференцияға қатысуға шақырамыз!


      2009 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасы аясында «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті (2007-2009 жж.).
Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры.
Конференция музейлер мен ғылыми орталықтардың арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге, академиялық және музейлік қоғамдастықты біріктіруге бағытталды.

Конференция барысында мынадай бағыттар бойынша секция жұмыстары жүргізілді:
• Ғылыми-қор және экспозициялық-экскурсиялық қызметтің инновациялық түрлері.
• Қазіргі заманғы музей тәжірибесінде ғылыми зерттеулерді жандандыру.
• Музейлік білім беру бағдарламалары жеке тұлғаның адамгершілік негіздері мен рухани дамуына әсер етуші фактор ретінде.
Конференция барысында қазіргі кезеңдегі музейлердің дамуымен, олардың ғылыми және білім беруші әлеуетімен, музей тәжірибесіндегі интерактивті және ақпараттық технологиялармен, музей педагогикасымен, келушілермен жұмыстың жаңа нысандарымен байланысты мәселелер талқыланады.
Конференция қорытындысы бойынша «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы жарық көрді.

«Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдары

Конференцияға 99 баяндама ұсынылды, 70 адам –музейтану және музей ісі, тарих, философия, мәдениет саласына маманданып жүрген Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің ғалымдары мен практик мамандары баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылар бүгінгі өткен конференцияның отандық музейтану ісінің дамуына да, сондай-ақ мәдени саладағы байланыстардың дамуына да жаңа тыныс беретінін атап көрсетті.

Конференцияға ұсынылған баяндамалардың дайындық деңгейінің жоғарылығын, мәселелер мен сұрақтардың өзектілігін, қызу пікірталасты атап өте отырып, конференцияға қатысушылар төмендегілерді ұсыну мақсатты деп есептейді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне:
• Музей ісін дамыту саласында халықаралық және отандық тәжірибені зерттеу мен таратуға одан әрі жәрдемдесу. Бұл қызмет аясында сертификаттары бар курстар негізінде Қазақстан Республикасының Музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының жұмысын ұйымдастыру;
• Өз кезегінде Қазақстан музейлерінің тарихи-мәдени құндылықтарының бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру мақсатында республика музейлерінде ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз ететін Музей директорлары кеңесінің жұмысын қайта жаңғырту;
• қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен техникалық ресурстарға сәйкес келетін музей құндылықтарын есепке алу мен сақтау бойынша қазіргі заманғы нормативтік базаны қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды бастау. Музей директорлары кеңесінің ұсынысы бойынша музей қоғамдастығы өкілдерінен жұмыс тобын құру;
• ҚР МАМ қызметі аясында ҚР музейлері қызметі аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша өзекті ғылыми-әдістемелік, ақпараттық материалдар жарияланымдары мен серіктестік жобаларды іске асыру жөніндегі ғылыми-редакциялық және сараптама кеңестерін құру;
• Қызметтің алуан түрлі бағыттары саласында инновациялық технологиялар мен әдістемелерді енгізудің теориялық және практикалық аспектілерін көрсеті үшін Қазақстан музейлері базасында халықаралық және республикалық деңгейде музей қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы бойынша жыл сайынғы іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру;

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, ғылыми және білім беру мекемелеріне:
• өскелең ұрпақты отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік, ұлттық мәдениет пен төзімділікке құрмет көрсету рухында тәрбиелеу ісіндегі музейлік білім беру орталықтарының жұмыс тәжірибесін жан-жақты пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне,:
• музей саласының тар шеңбердегі мамандарын, атап айтқанда, музей қорын қалпына келтіру мамандарын дайындауда білім беру стандарттарын енгізу жұмыстарын бастау;
• мамандандырылған тәжірибелерді ұйымдастыру мен өткізу арқылы музей саласы үшін мамандар даярлаудағы музей мекемелерінің жұмыстарын жаңғырту.

4. Музейлік мекемелерге:
• Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, көрмеге қою және көпшілікке таныту үшін ақпараттық, сандық және басқа ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану;
• бірлесіп күш-жігер жұмсай отырып, Интернет желісі арқылы ағарту, білім беру және экспозиция қызметінің жаңа әдістемесін жасау;
• музей имиджін нығайтуға ықпал ететін және білім, тәрбие беру міндеттерін атқаратын музейлер қызметіне коммуникацияларды белсенді ету, музейге келушілер санын арттыру құралдары ретінде серіктестік жобаларды белсенді түрде енгізу.

5. Конференцияны ұйымдастырушыларға:
• конференция материалдарын шығару.

Қазіргі кезде Музей атына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан, көрнекті ғылым және өнер қайраткерлерінен құттықтау хаттары келіп түсті.