2008 ж.


     Астананың 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.
     2 шілдеде Мемлекеттік хатшы Қ.саудабаев Ақордада мемлекеттік органдардың бір топ басшыларына, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшы қызметкерлеріне және қоғам қайраткерлеріне «Астананың 10 жылдығы» медалін тапсырды. «Астананың 10 жылдығы» медалі Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан астанасының 10 жылдық мерейтойына байланысты бекітілді, бұл медальмен Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.
     - Бүгінгі награда сіздердің қазіргі уақытқа дейінгі атқарған еңбектеріңіз үшін ғана емес, сонымен бірге болашақтағы қызметтеріңізден күтілетін үміт, мемлекетіміздің игілігіне қызмет етуде бұдан да жарқын табыстарға қол жеткізеді деген Елбасының сенімі деп ойлаймын,-деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Медальмен марапатталғандар: А.С. Сағынғали - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры; Р.Ұ. Қазбекова – Музей педагогикасы орталығының жетекшісі; З.И. Молдағаринова – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекшісі; Н.Қ. Мусина – Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі; Л.Ә. Омарова – Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің жетекші сарапшысы; Н.А. Шырымбаева - Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі.

 



Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне 4 жыл толды


     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі 2004 жылы 28 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Музей кешенді ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беруші және мәдени орталық болып табылады. Алғашқы ашылған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық және мемлекеттік қызметі арқылы егемен Қазақстанның жетістіктерін сақтау мен жан-жақты көрсетуде маңызды тарихи-мәдени қызмет атқарады. Осы жылдар ішінде Музей еліміздің маңызына келешек ұрпақ лайықты бағасын беретін мәдени қазынасына сүбелі үлес қосты.

     2008 ж. 28 тамызда Музейдің баспасөз залында салтанатты жиналыс өтіп, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы М.Б.Қасымбеков, Музей директоры А.Сағынғали ұжым атына құттықтау лебіздерін білдірді.

Музейдің дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен мына қызметкерлер марапатталды:

1. Мағзұмова Рыскүл Қазақстанқызы – директордың қаржылық реттеу жөніндегі орынбасары;
2. Хұсайын Ергелді Ғалымұлы – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің бас сарапшысы.

Музей ісін дамытуға қосқан белсенді еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін Музейдің төмендегі қызметкерлері ҚР Президенті Кеңсесі Бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды:

1. Әубәкірова Зинара Әбішқызы – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы;
2. Ахметова Ләйлә Қошанқызы – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметі Мемлекет Басшысы кітапханасының жетекші сарапшысы;
3. Ахметова Жанар Құрманғалиқызы – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметі Мемлекет басшысы жеке мұрағатының аға сарапшысы;
4. Ілиясова Бибайша Тайырқызы – Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің музей қараушысы;
5. Қасенова Гүлсім Кенжеболатқызы – Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің аға сарапшысы;
6. Қарманова Ақмарал Сапаржолқызы – Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің ғылыми қызметкері;
7. Мұхамеджанова Гүлжан Бөгенбайқызы – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы;
8. Мақыбаева Динара Сайлауқызы – Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері;
9. Рамазанова Гүлжан Әскерқызы – Музей педагогикасы орталығының аға оқытушысы;
10. Сағымбаев Серік Қазкенұлы – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің аға сарапшысы;
11. Флёрко Лилия Владимировна – Ақпараттық орталық жетекшісінің орынбасары.

 


    2008 жылдың 1 желтоқсанында «Мұражай, мұрағат және кітапхана мекемелерінің ақпараттық ресурстары» тақырыбында семинар өтіп, оның аясында «АЖ-Музей» музей қорын есепке алу автоматтандырылған бағдарламасы мен микорграфиялау технологияларының тұсауы кесілді.
     Бағдарламаны «НАТ Қазақстан» АҚ әзірлеген, ол ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қызметіне ойдағыдай енгізілді. «АЖ-Музей» республикада бірінші болып есепке алу-сақтау құжаттарын кешенді түрде жүргізу негізінде музей коллекцияларының, мұрағат материалдарының және кітапхана қорының электронды деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұражайларға, мұрағаттар мен кітапханаларға ақпараттық технологияларды ендіру мен оларды әзірлеудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Семинарға қатысушылар мәдениет саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру үшін ресурстық базасы бар негізгі бағдарламалық өнім ретінде «АЖ-Музейге» баға берді.
     Семинар-тұсаукесер жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Б.Б.Темірболат, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы Г.Ж. Мұқажанова, республиканың барлық аймақтарының, Астана және Алматы қалаларының 19 мұражай, 14 мұрағат 10 кітапхана мекемелері қатысты.